ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

2014 жылғы 17 қаңтарда елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»жолдауымен шықты, бүкіл ортаның тәуелсіз Қазақстанның елдің дамуына, экономика және индустрияландыруға, геологиялық барлауға, ауыл шаруашылыққа, агроөнеркәсіптік кешенге, фермерлік даму кешеніне, шағын және орта бизенсті дамытуға және әлеуметтік ортаға қарастырылған. Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы деп атап өтті елбасы. Қазақстандықтар барлық даму орталарына қатысады. Бұл дегеніміз, халқымыздың өмірі жылдан жылға жақсарады.

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік еңбек инспекциясы, қаланың кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел түрінде іс-шара өткізілді.

Азаматтарды жалпы құқықтық оқыту аясында өткізілген кездесудің негізгі мақсаты, еңбек қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру болып табылған.

Кездесуде қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекақы берешегі, ағымдағы жылы жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзу және туындайтын проблемаларды шешу тәсілдері мәселелері көтерілді.

2013 жылғы маусымның 19-нан 21 аралығында Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында алғашқы республикалық «Мамандықтар жәрмеңкесін» өткізді.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау сауда және тамақтандыру колледжі» КММ, Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау техникалық колледжі» КММ, «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК, «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК және «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК сияқты оқу орындары қатысты. Сондай-ақ қаланың келесі жұмыс берушілері қатысты: «Fera Plast» ЖШС, «Бетонстройкомпани» ЖШС, «Темиртаустройиндустрия» ЖШС, «BauTas» ЖШС, «Atlant Company» ЖШС және т.б., Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылар мен жұмыс іздеушілер.

© 2021 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"