ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

2016 жылдың 16 ақпанында сағ.10:00-де ұлт жоспары – 100 нақты қадам аясында Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз халыққа, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге келесі Теміртау қаласының жұмысберушілер қатысты: «№14 Қарлығаш ясли-бақшасы» КМҚК, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Максимус-К7» ЖШС, «Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК, «Теміртау-қызмет» ЖШС, «ЗаводКазАрматура» ЖШС, «Практика-Т» ЖШС және «Beeline» үйдегі ғаламтор, сонымен қатар Қылмыстық-атқару инспекциясы, Меншік кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы және БАҚ өкілдері – «Вечерняя газета».

Берілген бос жұмыс орындар арасында: сату бойынша агенттер, өндірістік бөлімнің инденері, денешынықтыру нұсқаушысы, тәрбиелеуші, музыкалық басшы, әлеуметтік педагог, күзетші, кітапханашы, тігінші, аспазшы, токарь және басқалар. Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 22жолдама берілген.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 50 астам адам қатысты.

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында, техникалық, кәсіптік білім беру, орта және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатарындағы азаматтарды 2016 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – бұл білім беру ұйымдарының бітірушілерімен алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасына 29 жастан аспаған колледж, лицей, техникум, ЖОО-ның бітірушілері қатыса алады.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Құрметті түлектер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не құжаттарыңызды ұсыну қажет.

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Коммунаров к-сі, 39-үй, 2 қабат мекен-жайында орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ала аласыздар. Тел.: 90-75-99, 90-96-27.

Жастар – кең мағынадағы топтық қоғам жиынтығы, жастық белгі негізінде түзілетін және оған байланысты түрлі негізгі қызметтер. Әлеуметтік мағынада, жастар әлеуметті – демографиялық топта жас адамдардың әлеуметтік жағдайы жастық ерекшеліктері негізінде бөлінген, олардың орны және функциялары өзгеше мүдделері және құндылықтары қоғамның әлеуметтік құрылымында.

Қазақстанда 14 бастап 29 жасқа дейінгі адамдар жастар қатарына жатады. Елдің 30% халқы жастарды құрайды және қоғамның маңызды бөлігі болып табылады.

Осыған сәйкес қазіргі заманғы жастар саясатының жағдайы және тенденция мониторингі өте өзекті. Жастарды қолдау және бәсекелестікке дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдылығы болып табылады. Президенттің жыл сайынғы елдің халқына жолдауында мемлекеттің әлеуметті-нысананы дамыту және құруға негізгі назары бөлінеді. Құрылымның негізгі факторы және мемлекеттің әлеуметті-нысананы ары қарай тұрақты дамыту құрылым және даму болып табылады, халықаралық талаптарға және жаһандану стандарттар талабына қатаң заманауи жағдайларға, отандық бәсекеге қабілетті жастар болып табылады. Осындай жастардың болуы – елдің гүлденуінің кепілі, азаматтық қоғамның дамуының кепілі, демек біздің елдің базалық демократиялық институты.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: 

  1. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
  2. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкелікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары.

2015 жылдың 6 сәуірінде сағ.11:00-де Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз халыққа, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, 2 қабат, 8 кабинет мекен-жайы бойынша өткізілді.

         Жәрмеңкеге келесі Теміртау қаласының жұмысберушілер өкілдері және ұйымдары белсенді қатысты: «Bautas» ЖШС, «Теміртаулық кәсіптік техникалық колледжі» КММ, «№12 Алтынай Бала бақшасы» КММ, «Нұр Отан» ХДП, «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп - интернаты» КММ, «Нина Сергеевна Егорова» ЖК, «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдениет орталығы» КМҚК.

16 шілдеде Қалалық мәдениет сарайында сағат 11:00-де  қаланың жұмыссыз халқына, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 2014 жылғы 16 шілдеде сағат 11-00-де Қалалық мәдениет сарайында жұмыссыз халық үшін, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді  шақырамыз.

Анықтама телефондары: 90-75-99, 90-96-27

Елбасының  Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынының негізгі қағидаларын  орындау және ҚР «Халықты жұмыспен қату туралы» заңының 7 бабы және 9 бабына сәйкес – жергілікті атқарушы ұйымымен белгіленген жұмыс орынның жалпы санының 3% (үш) мөлшерде, жұмысберушілер мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындар квотасын орындау жолымен жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысады.

Осыған байланысты 2014 жылы 16 сәуірде сағат 11:00де Қалалық мәдениет сарайында осы жылдың бірінші мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

2014 жылғы 17 қаңтарда елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»жолдауымен шықты, бүкіл ортаның тәуелсіз Қазақстанның елдің дамуына, экономика және индустрияландыруға, геологиялық барлауға, ауыл шаруашылыққа, агроөнеркәсіптік кешенге, фермерлік даму кешеніне, шағын және орта бизенсті дамытуға және әлеуметтік ортаға қарастырылған. Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы деп атап өтті елбасы. Қазақстандықтар барлық даму орталарына қатысады. Бұл дегеніміз, халқымыздың өмірі жылдан жылға жақсарады.

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік еңбек инспекциясы, қаланың кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел түрінде іс-шара өткізілді.

Азаматтарды жалпы құқықтық оқыту аясында өткізілген кездесудің негізгі мақсаты, еңбек қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру болып табылған.

Кездесуде қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекақы берешегі, ағымдағы жылы жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзу және туындайтын проблемаларды шешу тәсілдері мәселелері көтерілді.

© 2020 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"