ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында сағат 16.00-де Теміртау мәдениет сарайында Теміртау қаласының әкімі Ғ.Әшімовтың есеп беру кездесуі өтеді.
Сондай-ақ есептік кездесуге дейін сіз өз ескертулеріңізді және ұсыныстарыңызды келесі мекен-жайлар бойынша жинауға арналған жәшіктерде қалдыра аласыз.:
1. Ақтау кенті, «Ақтау» МДО
2. Жас көрермен театры
3. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
4. «Орталық аурухана» КМК
5. «17 ЖОББМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынады. Сәйкесінше барлық мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етпеуге тиіс.

Талап етілген жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне 8/72-12/50-40-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

 
Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынады. Сәйкесінше барлық мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етпеуге тиіс. 
Талап етілген жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне 8/72-12/50-40-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚР ОСК веб-сайтының «Мүгедектердің сайлау құқығы» бөлімінде қолжетімді форматта Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы үшін сайлау учаскелерін дайындауға қажетті материалдар жасалды.

https://www.election.gov.kz/kaz/m-gedekterdi-saylau-y-y/

 

 

 

 

 

22.02.2019 12019 жылдың 20 ақпанында Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, мекен-жайы бойынша өткізілді.

            Жәрмеңкеге қаланың 13 ұйымының өкілдері қатысты:

-          "АрселорМиттал Темиртау"

-          "KMK Trade Company" ЖШС

-          "ДорСтрой LTD" ЖШС

-          "Теміртау қ. №4 емханасы" КМК

-          "Теміртаулық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау басқармасы" РММ

-          «TTS» ЖШС

-          "№31 ЖББОМ" КММ

-          "Практика Т" ЖШС

-          "ТоргСитиТемиртау" ЖШС

-          "Гастроном №40" ЖШС

-          "Security Servis LTD" күзет фирмасы" ЖШС

-          "Компания Блик" ЖШС

-          "Сатурн" ПКФ

Жұмысберушілермен берілген бос жұмыс орындар арасында: тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімі, сызу мұғалімі, математика мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, логопед, дәрігер-педиатр, дәрігер неанотолог, мейірбике, КИПиА инженері, бас технолог, аусым бастығы, слесарь-жөндеуші, газбенкескілеуші, монтажник, электргаздәнекерлеуші, стропальшы, бетоншы, электромонтер, сату бойынша менеджер, қоймашы, жүк тасушы, даяшы, фитнес-нұсқаушы, уқалаушы, күзетші, санитарка және басқалары.

Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 46 жолдама жазылып берілді.

Жәрмеңкені халықтың жұмыссыз қатарынан 80 астам адам келген. Келесі жәрмеңке наурыздың соңына жоспарланған.

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жекекәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жекетұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын,    қызмет көрсететін басқа жекетұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға ,үй жұмыскерлеріне арналған.

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:

Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқы болады.

Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ         төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Үшінші: Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілікжәне бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала       күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.

Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу өзеркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да      бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін - 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК   құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БТЖ үлесі мынандай:

-10% - жекетабыссалығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

 22.02.2019

 

 

 

 

 

19.02.2019 12019 жылдың 1 ақпанында Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың арасында қайта қылмыс жасауының алдын алуы және төмендеуі бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен есепте тұрған адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында күнделікті кездесу жүргізілуде. Сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсіндірулер берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.02.2019Бірыңғай жиынтық төлем жалпы соманың төлеміне жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді ақшалай немесе банктер және жекелеген банк қызметін көрсететін ұйымдар арқылы төлейді. Ол мемлекеттік корпорацияның банк есеп-шотына төленеді. Бұл 2016 жылдың 26 шілдесіндегі «Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы» ҚР Заңының талабы.  

Бұл орайда көрсетілген ұйымдар бірыңғай жиынтық төлемді оның көлемі бірыңғай жиынтық төлем көлеміне сәйкес келмесе қабылдамайды. Оның көлемі:

Төлеушінің төлейтін бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі: республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде белгіленген;

Ауылды мекендерде - 0,5 АЕК көлемінде.

БЖТ төлеу барысында айлық есептік көрсеткіш көлемі, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген   қаржылық жылдың көрсеткішмен сәйкес болуы керек.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер өз бетінше төлей алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Бірыңғай жиынтық төлемді жасалып отырған айды көрсетіп, «ММГГГГ» форматында яғни айын, жылын көрсетіп төлейді.

Сонымен қатар ағымдағы және келер айдың төлемін қосып БЖТ төлеуге болады.

Бірыңғай жиынтық төлемді аударудың және үлестірудің тәртібі.

Банктер мен жекелеген банк қызметтерін көрсететін ұйымдарға түскен бірыңғай жиынтық төлемдер МТ-102 электронды төлем тапсырмасы бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылады.

МТ -102 төлем тапсырмасының форматына бірыңғай жиынтық төлем төлейтін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, жөні, тұлғаның туған күні, айы, төлемнің көлемі кіреді.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылып, бір жерден төлем жасалып Мемлекеттік корпорацияға жеке табыс салығы ретінде аударылады. Ол төлеушінің тұрғылықты жерінің бюджетіне сәйкес бюджеттің саралану кодына сәйкестендіріп төленеді.

ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылған тұлғалар туралы мәлімет ЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен беріледі.

Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап үш операциялық күні ішінде БЖТ сомасын үлестіріп, тиісті салаларға аударады:        

БЖТ-ң 10% - жеке табыс салығы;

           -20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

       БТЖ төлей отырып, бірден зейнетақы жүйесі, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі.

БЖТ-ң үлестірілген сомалары әлеуметтік төлем және жеке табыс салығы түріне қарамастан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациямен аударылады, бұл орайда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылдың 31 тамыздағы № 203 «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелді) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарымен төлем белгіленген.

Әлеуметтік төлемдер бойынша электронды төлемдер тапсырмасына төлем жасау кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлем төйлейтін жеке тұлғалардың тізімі ұсынылады.

Мемлекеттік корпорация күн сайын аударылған БЖТ төлемдері бойынша ЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жеке тұлғалардың тізімін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетіне жолдап отырады. Ол жерде ЖСН, Аты-жөні, туған күні,айы, төлем жасаған айлар,жеке табыс салығы аударылған аймақтық мемлекеттік кіріс органдарының кодтары(БИН) ұсынылады.

Мемлекеттік корпорациямен БЖТ аясында жеке табыс салығын үлестіру Жеке тұлғалардың мәліметтерінің мемлекеттік базасының және мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасының мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасын жаңарту Мемлекеттік кіріс комитетімен жүзеге асады.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.    

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

© 2020 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"