ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының» 45 тармағы 5 бөліміне сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты өздері не жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді жұмыс беруші мен нысаналы топ қатарындағы адамдар, оның ішіне халықтың 50 жастан асқан адамдары арасында жасалған жұмысқа орналастыру туралы еңбек шартының көшірмесін ұсынған жағдайда халықты жұмыспен қамту органдары жүргізеді.

Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға қалайтындар және Теміртау қаласы әкімдігінің  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ өзара әрекеттесу бойынша 90-75-99, 91-64-20 телефондары бойынша жұмыспен қамту орталығына келуіңізді сұраймыз, мекен-жайы: Чайковский к-сі, 22, 3 қабат.

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің бітіруші түлектерінің назарына!

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында, техникалық, кәсіптік білім беру, орта және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатарындағы азаматтарды 2013 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – бұл білім беру ұйымдарының бітірушілерімен алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасына 29 жастан аспаған колледж, лицей, техникум, ЖОО-ның бітірушілері қатыса алады.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Құрметті түлектер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не құжаттарыңызды ұсыну қажет.

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй мекен-жайында орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ала аласыздар.
Тел.: 90-96-27, 90-75-99.

 

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің бітіруші түлектерінің назарына! 

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында, техникалық, кәсіптік білім беру, орта және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатарындағы азаматтарды 2013 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – бұл білім беру ұйымдарының бітірушілерімен алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасына 29 жастан аспаған колледж, лицей, техникум, ЖОО-ның бітірушілері қатыса алады.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді. 

Құрметті түлектер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не құжаттарыңызды ұсыну қажет.

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй мекен-жайында орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ала аласыздар. Тел.: 90-96-27, 90-75-99. 

 

Жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар назарына! 

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 2013 жылғы 25 сәуірде сағат 11-00-де мекен-жайы: Чайковский к-сі, 22, 3 қабат бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысқысы келгендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 90-75-99, 90-96-27

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ келесі мамандықтарға қабылдау жүргізуде:

біліктілігін арттыру үшін (2 ай)

  1. Электр және газ дәнекерлеуші
  2. Сыршы-сылақшы 

келесі мамандықтарға оқыту үшін (3,5 ай)

  1. Тас қалаушы-отқа төтеп беруші
  2. Пластик құбырлар монтажнигі 

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22, 3 қабат, 11 кабинет, тел: 907599

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ Теміртау қаласының кәсіпорындарына келесі мамандар қажеттігін хабарлайды:

сыршы-сылақшы

электргаздәнекерлеуші

электр монтері

жүргізуші

аула сыпырушы

монтажшы

тас қалаушы

бетоншы

темір ұстасы

жұмыскер

автомеханик

тракторшы

плиточник

Мекен-жай бойынша: Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22, 3 қабат хабарласа аласыздар.

Директордың м.а.                                                         Ә. Набиева

Жұмысберушілер мен жұмыссыз азаматтар назарына.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 2012 жылдың 20қыркүйегінде сағат 11-00де мекен-жайы: Чайковский к-сі, 22, 2 қабат №8 кабинетте бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысқысы келгендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 90-75-99, 90-96-27

ЖОБА

Теміртау қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 16 ақпандағы №7/3

«2012 жылы жұмыссыз жастар

үшін дипломнан кейінгі кәсіптік

практиканы ұйымдастыру туралы»

қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы           23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының          5-7) тармақшасына, 18-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы    27 тамыздағы №972 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы             19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысын орындау мақсатында, Теміртау қаласының                                 әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті жұмыс берушілерінің назарына!

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында, жұмыс берушілерді 2012 жылы жастар практикасын бірлесіп ұйымдастыруға шақырады.

Жастар практикасы – бұл білім беру ұйымдарының бітірушілерімен алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасына 29 жастан аспаған колледж, лицей, техникум, ЖОО-ның бітірушілері қатыса алады.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Құрметті жұмыс берушілер! Өз кәсіпорындарыңызда жастар практикасын ұйымдастыру үшін Сізге «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не өтініш ұсыну қажет. 

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй мекен-жайында орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ала аласыздар. Тел.: 91-64-20, 93-37-85, 90-75-99.

Құрметті Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындары!

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің жұмыс істеуге мұқтаж тұрғындарын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін шақырады.

Әлеуметтік жұмыс орындары – бұл нысаналы топқа жататын ҚР азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушімен 1 жылдық мерзімге құрылатын уақытша жұмыс орны.

Келесі нысаналы топқа жататын ҚР азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады:

  • аз қамтылған азаматтар;

  • жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

  • балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі жастағы балалар;

  • кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіпте тұрақты күтімді, көмек пен қадағалауды қажет ететін адамға күтім көрсететін азаматтар;

  • зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнетке шығуына екі жыл қалғанда);

  • мүгедектер;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарынан шығарылған адамдар;

  • бас бостандығынан айыру және (немесе) күштеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

  • оралмандар.

Әлеуметтік жұмыс орындары 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 12 ай мерзіміне құрылатын болады.

 Толық ақпаратты Чайковский к-сі, 22-үй мекен-жайында орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нен 91-64-20, 93-37-85, 90-75-99 телефондары арқылы ала аласыздар.

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті жұмыс берушілерінің назарына!

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында, Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Бағдарлама қатысушылары келесі мамандықтар бойынша кәсіптік оқуды аяқтайтындарын хабарлайды:

-         сатушы – 20 адам;

-         аспазшы – 15 адам;

-         электр жабдықтарды жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтер – 25 адам;

-         кірпіш қалаушы – 10 адам;

-         тігінші – 10 адам;

-         сылақшы – 15 адам;

-         шаштаразшы-сәнгер – 20 адам;

-         шаштаразшы-визажист – 10 адам;

-         «В» санатының жүргізушісі – 20 адам;

-         техникалық құбырлар монтажнигі – 10 адам.

Білікті мамандардың бітіріп шығуы 2011 жылғы 8 қарашадан басталып 2011 жылғы 15 қарашаға дейін бірнеше кезеңде өтеді.

Құрметті жұмыс берушілер! Оқуды аяқтаған мамандарды жұмысқа орналастыру үшін Сіздерді бірігіп әрекет етуге шақырамыз.

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй мекен-жайынан ала аласыздар. Тел.: 91-64-20, 93-37-85, 90-75-99.

О мерах по организации социальных рабочих мест на 2012 год в рамках программы занятости 2020 [Скачать]

© 2019 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"