ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтар шақырады.

Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:

     1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;

     2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

     3) мүгедектер;

     4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

     5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

     6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

     7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

     8) оралмандар;

     9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

  • Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушыларының еңбек ақысын төлеу жұмыс беруші қаражатынан және мемлекеттік бюджеттен.

Барлық сұрақтар бойынша Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, мекен-жайы: Чайковский к-сі, 22, 1 кіре беріс 3 қабат. Тел: 41-50-96.

© 2019 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"