ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында, жұмыс берушілерді 2018 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді (25 АЕК).

Құрметті жұмыс берушілер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не өтінім ұсыну қажет.Теміртау қаласы, Коммунаров к-сі, 39-үй, 2 қабат мекен-жайы бойынша. Тел.: 41-12-02, 90-75-99.

© 2018 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"