ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 1 кіре беріс, 3 қабат жұмыссыз халық үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 41-50-96.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылғы 21 қарашада сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 1 кіре беріс, 3 қабат жұмыссыз халық үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 41-50-96.

Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Респубикасының Үкіметінің 29.12.2016ж. №919 қаулысымен бекітілген                   « Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында 2019 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы орындары –мүгедектің жеке мүмкіндіктерді ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы орындары –мүгедектің жеке мүмкіндіктерді ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.

1) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге ( жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына,кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып,денсаулығы нашарланған адам;

2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру арнайы жұмыс орындарын жабдықтау(жарақаттандыру)- мүгедектерді организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысының шектеулі толық емес ішінара алмастыратын (орнын толтыратын) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты,технологиялық жарақаттандыруды, құралдарды,қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

3) субсидия – мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру есебінен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін жұмыс берушілер үшін мемлекет көрсететін қаржылық жәрдемдесу;

5) жұмыс берушілерге арнайы субсидиялар жұмыс орындарынжарықтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтүзбелік он екі ай мерзімге сақтауы.

Барлық сұрақтар бойынша Теміртау қаласының әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы»КММ, мекен- жайы: Чайковский-22, 3 қабат. Тел:41-50-96.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылғы 24 қазанда сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 1 кіре беріс, 3 қабат жұмыссыз халық үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 41-50-96.

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, жұмыс берушілерді 2019 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді (25 АЕК).

Құрметті жұмыс берушілер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не өтінім ұсыну қажет.Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй, 1 кіре беріс, 3 қабат мекен-жайы бойынша. Тел.: 41-12-02.

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтар шақырады.

Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:

     1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;

     2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

     3) мүгедектер;

     4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

     5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

     6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

     7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

     8) оралмандар;

     9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

  • Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушыларының еңбек ақысын төлеу жұмыс беруші қаражатынан және мемлекеттік бюджеттен.

Барлық сұрақтар бойынша Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, мекен-жайы: Чайковский к-сі, 22, 1 кіре беріс 3 қабат. Тел: 41-50-96.

Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, техникалық, кәсіптік білім беру, орта және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатарындағы азаматтарды 2019 жылы жастар практикасына қатысуға шақырады.

Жастар практикасы – бұл білім беру ұйымдарының бітірушілерімен алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі.

  • Жастар практикасы барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
  • Жастар практикасын ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда уақытша жұмыс орындары құрылады.
  • Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
  • Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
  • Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді (25 АЕК).

Құрметті түлектер! Жастар практикасына қатысу үшін Сізге Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не құжаттарыңызды ұсыну қажет.

Толық ақпаратты Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй, 1 кіре беріс, 3 қабат мекен-жайында орналасқан Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ ала аласыздар. Тел.: 41-12-02.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 1 кіре беріс, 3 қабат жұмыссыз халық үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 41-50-96.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Теміртау қаласы бойынша - 2 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға

арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланған.

            Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру шарттары

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті инвентарьды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне берілмейді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.

Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуы үшін мыналар:

1) олардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі;

2) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссияның оң шешімінің болуы;

3) Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын өтеусіз және қайтарымсыз негізде, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы міндетті шарттар болып табылады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

3) кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі)/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі;

4) әзірленген бастапқы бизнес;

5) кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;

7) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылғы 28 тамызда сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 1 кіре беріс, 3 қабат жұмыссыз халық үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді шақырамыз.

Анықтама телефондары: 41-50-96.

© 2018 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"