ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Виртуалды аншлаг

БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізді

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу үшін және уақыттарын үнемдеуі үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отырады, осыған байланысты 2021 жылдың 10 желтоқсанында кезекті рет «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» тақырыбында онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара үлкен қызығушылық тудырды, өйткені қазір көптеген адамдар қызметтерді қол жетімді және қарапайым тәсілдермен алғысы келеді. Мысалы, «Біз қандай да бір ұйымдарға жүгінген кезде, өзімізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігін алып жүруге міндеттіміз, бірақ көбінің өзіне тән ұмытшақтығына байланысты жеке куәлікті алуды ұмытып кетеді, осыдан кейін мәліметтер мен анықтамалар беруден бас тартатын жағдайға тап болып жатамыз. Сол кезде не істеуіміз керек?» деген мазмұнда тақырып қозғалды. БЖЗҚ мамандары мен веб-форум спикерлері енді жеке куәлікті көрсетпей-ақ, бірқатар зейнетақы қызметтерін алуға болатынын айтты. Ол үшін смартфоныңызда  Egovmobile қосымшасындағы құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасының болуы жеткілікті. Бұл мүмкіндік өте ыңғайлы, бірақ мұндай мүмкіндікке тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана және тікелей БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана ие болады.

Бұл ретте қандай қызметтерді алуға болады:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау).

Жеке куәлігінің түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде, ол БЖЗҚ өкіліне eGovMobile мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық форматта көруге рұқсат бере алады.

Бұл туралы және басқа да тақырыптарда онлайн іс-шара барысында қызықты әңгімелер айтылды.

Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның басқа да онлайн-қызметтері жөнінде әңгімелеп берді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған көптеген сұрақтар бойынша жеке кеңестер де берді. 

© 2022 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"