АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндерінің баспасөз анонсы
2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 11.00, 12.00, 15.00 және 16.00 БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтері, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкіндіктері туралы біліп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бірі - Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
- қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы толыққанды айтылатын болады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9302d34d1093cf70fecbb4c0c35bc71a. Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: 2515 663 0490 және event-кеңес паролін енгізу: 1231 қажет.
Біз сізді күтеміз!