ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

            «БЖЗҚ» АҚ  сіздерді 18 қарашада орыс тілінде және 19 қарашада қазақ тілінде өтетін зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы бойынша онлайн-мектепке қатысуға шақырады.

            Курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады - Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі, демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі; зейнетақы заңнамасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға (ИПБ) аударуға қатысты өзгерістер; ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) және ЕАЭО елдерін зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзгерістер; «БЖЗҚ» АҚ цифрлық қызметтері - және тағы басқалар. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі модуль таныстырылады.

Өтетін орны: вебинарларға арналған Cisco Webex платформасы

Спикерлер: «БЖЗҚ» АҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өтетін уақыты:18 қараша орыс тілінде және 19 қараша қазақ тілінде 10:00-ден 13: 00-ге дейін*

 

Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және ватс ап қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс. Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

© 2022 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"