ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

     БЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттары енді автоматты түрде ашылады

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына да енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 26 қазанынан бастап БЖЗҚ-да міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) алғашқы жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылатын болады.

БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері зейнетақы жарналарының басқа түрлері бойынша ЖЗШ ашу тәртібі сияқты МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашудың жаңа тәртібіне дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖЗШ ашудың мәлімдемесіз тәртібі мына кезеңдерден бері әрекет етеді:

- 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.

Пайдасына МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру МКЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, өзге де деректері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Жұмыс беруші МКЗЖ агенті (төлеушісі) болып есептеледі, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын   ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде жұмыскердің пайдасына өз қаражаты есебінен жарналар аударуға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алуға зиянды және қауіпті қызмет салаларында еңбек ететін азаматтар құқылы. Мұндай кәсіптердің тізбесі «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.

МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде ашу жөніндегі заңнамалық өзгерістер агенттерге МКЗЖ аудару бойынша міндеттемелерді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді. Енді БЖЗҚ-ға 10-нан астам атауы бар белгілі бір құжаттар тізбесін ұсына отырып, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу туралы өтінішті қызметкермен бірлесіп ресімдеудің қажеті жоқ.

        Анықтама: міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударады.

МКЗЖ аударылуын салық органдары бақылайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ-ны уақытылы аудармаса (нақты төлем жасалып, қызметкер кіріс алған жағдайда), жұмыс берушіден салық органдары мерзімі өткен әрбір күнге уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен МКЗЖ өндіріп алып, БЖЗҚ-ға аударады. 

© 2022 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"