ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Хабарландыру

                 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!»

2021 жылдың 18 маусымында БЖЗҚ АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.

Қазіргі уақытта бүкіл зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі – болашақ зейнетақы төлемдері үшін тамаша сый болып табылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) танымал ету.

Ағымдағы жылы заңнамада жеке және заңды тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын аударуға деген ынтасын жігерлендіруге бағытталған бірқатар өзгерістер орын алды. Мысалы, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға алғаш келіп түскен ерікті зейнетақы жарнасы негіз болып табылады. ЕЗЖ бойынша дербес шот ашудың енді қажеті жоқ.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде есепке алынбайды. Қор қызметкерлері ЕЗЖ-ның басқа да артықшылықтары туралы айтып береді және зейнетақы калькуляторының көмегімен ЕЗЖ бойынша тұрақты жарналар есебінен келешекте алатын зейнетақының мөлшерін қалай едәуір арттыруға болатындығын іс жүзінде көрсетеді.

Сондай-ақ, 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан, ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары бар салымшылар ерікті зейнетақы төлемдеріне үміт арта алады. Осылайша, ЕЗЖ бойынша алғашқы төлемді алуды кез-келген жаста бастауға болады.

Ниет білдірушілердің әрқайсысында іс-шара тақырыбымен қатар зейнетақы жүйесі және жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтар бойынша үйден шықпай-ақ, жауап алу мүмкіндігі болады.

         «Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусым күні сағат 11:00 – 12:00 дейін және 14:00 -15:00 дейін мемлекеттік тілде өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e7b5e3c1b60408a49b3c16d1a3d4f2924

Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 184 187 0140  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1324

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» ақпараттық-түсіндіру шарасында асыға күтеді!

© 2021 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"