ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Хабарландыру – анонс

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 18 маусымында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады.

Биылғы жыл ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) дамыту мәселелері үшін оңтайлы болды. Бірқатар заңнамалық өзгерістер өздерінің болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшылар үшін бұрынғыдан да көп артықшылықтар әкелді. Себебі, дәл осы ерікті зейнетақы жарналарының азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау болып табылатыны ешкімге құпия емес.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.  

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Атап айтқанда, ЕЗЖ бойынша төлемдерді енді ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан барлық адамдар ала алады.

Сонымен қатар БЖЗҚ қызметкерлері кездесу барысында тұрақты зейнетақы жарналарының барлық артықшылықтары туралы айтып, зейнетақы калькуляторының көмегімен ЕЗЖ бойынша тұрақты жарналар есебінен келешекте алатын зейнетақының мөлшерін қалай едәуір арттыруға болатындығын іс жүзінде көрсететін болады.

         «Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусым күні сағат 11:00 – 12:00 дейін және 14:00 -15:00 дейін мемлекеттік тілде өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e7b5e3c1b60408a49b3c16d1a3d4f2924

Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 184 187 0140   және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1324

© 2021 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"