ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

Коронавирус індеті (Covid-19) өмірімізге көп өзгеріс енгізді. Көптеген әлемдік компаниялар өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырды, адамдар үйлерінен артық сылтаумен шықпауға тырысады және барлық қызметтерді онлайн режимінде алғысы келеді.

Қазақстанда енгізілген шектеу шараларына қарамастан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары алған қызметтер саны азаймақ түгілі, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Мұндағы жетекші рөлді қызметтерді электрондық форматта ұсынудың жолға қойылған жүйесі атқарды.

2020 жылдың 1 тамызында БЖЗҚ салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсетілді, ол 2019 жылмен салыстырғанда 106 мың қызметке көп (өсім – 1%). Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында барлық қызметтердің 92,2% немесе 9,86 млн. операция онлайн түрінде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдылығы 15,2% өсті. Осы талдаудан көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта Қор салымшыларының көпшілігі қызметтердің толық спектрін үйден шықпай-ақ алады.

БЖЗҚ-ның онлайн қызметтерін алу үшін Қордың www.enpf.kz сайтына тіркелсеңіз немесе ENPF ұялы қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Өз компьютеріңіз, ноутбугыңыз, смартфон немесе планшетіңізден жеке зейнетақы шотыңызда жатқан ағымдағы соманы көріп, үзінді көшірме алып, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңыздың мөлшерін есептеп алуыңызға болады. Оларға электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин (оның орнына ЖСН қолданылады ) мен пароль арқылы кіре аласыз. Логин мен пароль тіркелген болуы тиіс, ол үшін интернет-хабарландыру тәсілін таңдағаныңыз дұрыс.

Қазіргі сәтте БЖЗҚ-дан электрондық қызметтердің төмендегі түрлерін алуға болады:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру (өз пайдасына) туралы шарт жасау;

2) деректемелерге, соның ішінде хабарландыру тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алу;

5) ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтініштің/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жаңа редакциясын («телнұсқа») алу;  

7) мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;

8) төлем жасау және (немесе) қоныс аудару және т.б. туралы өтініштердің мәртебесін қадағалау.

БЖЗҚ тек сайт пен қосымшадағы жеке кабинетті дамытумен ғана шектелмей, өз салымшыларына ыңғайлы болу үшін танымал мессенджерлерге түрлі функцияларды белсенді түрде енгізуде. Мысалы, Қорда танымал Telegram мессенджеріне арналған арнайы бот бар. Онда көптеген түрлі функциялар, соның ішінде бастапқы кеңес алу қызметі ұсынылған. Мәселен, үйден шықпай-ақ, тікелей өз смартфоныңыздан шағын үзінді-көшірмені алып, жеке кабинетке кіретін парольді қалпына келтіре аласыз. БЖЗҚ-ның өзекті жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың жақын жердегі бөлімшесін оп-оңай таба аласыз. БЖЗҚ-ның тікелей көрсетілетін қызметтерінен басқа Сіз валюталардың ағымдағы бағамын біліп, ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың бар-жоғын және тағы басқа да көптеген қызметтерді тексерcеңіз болады.

Үзінді көшірмені тікелей боттан алу үшін қол қойылған интернет-хабарландыру туралы келісіміңіз болуы тиіс. Хабар алу тәсілін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың көмегімен кіріп, өзгертуге болады. Ботта оператормен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін қызмет бар. Егер роботпен өткен бастапқы кеңес алу Сіздің көңіліңізден шықпаса, ол кеңес берушіге автоматты түрде ауысады.

Осылайша БЖЗҚ-ның көптеген салымшылары электрондық қызмет алуға көшіп, олардың ыңғайлы және тиімді екеніне көздерін жеткізіп те үлгерді.

© 2020 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"