ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерінің 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетілген қызметтердің саны азаймақ түгілі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым көбірек болды. Мұндай жетістікке электрондық форматта қызмет көрсетудің орнықты жүйесі арқылы қол жеткізілді.

2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларына 7 миллионнан аса, дәлірек айтсақ, 7 086 954 қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15,3% жоғары. 6,4 миллион қызмет электрондық форматта ұсынылды. Қазіргі уақыттағы ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. Салымшылар осы қызметті 6,5 миллион реттен астам пайдаланып, ол 2019 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 26% өскен. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме шамамен 6,3 миллион рет электрондық нұсқада алынды. Бұл Қор салымшыларының Жеке кабинет қызметінің артықшылығын сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасында жоғары бағалағандарынын білдіреді. Өйткені, кез келген азамат үзінді көшірмені екі-үш саусақ қимылымен-ақ алып, өзінің жинақтарын үнемі бақылауда ұстай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Жеке кабинетте тек үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

Бұған қоса бір жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 12 есе артық.

Төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимінің сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бірқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеу үшін филиал бөлімшелеріндегі штат санының 50% аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

© 2020 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"