ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

12.02.20182018 жылы 25 қаңтарда Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, мекен-жайы бойынша өткізілді. Осы жылғы бірінші бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына жолдауының негізгі ережелерін насихаттауға бағытталған.

            Жәрмеңкеге қаланың 10 ұйымының өкілдері қатысты:

-          «АрселорМитталСтил»  АҚ

-          «Карцемент» АҚ

-          «Центрэнергомонтаж-Т» ЖШС

-          «МФ Универсал» ЖШС

-           «Перзентхана» КМК

-          «Теміртау техникалық колледж» КММ

-          «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» КММ

-          Ямщикова ЖК

Жұмысберушілермен берілген бос жұмыс орындар арасында:

тәрбиеші, логопед - мұғалім, сурдо-оқытушы,география мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мұғалімі, көлік электригі, ағаш ұстасы,  сұйық отын жүйесі бойынша маман, дәрігер неонатолог, акушер-гинеколог дәрігері, көлікгрейдер машинисті, электр жабдықтарын жөндеу бойынша электромонтер, токарь, монтажшы, газдәнекерлеуші, бетоншы, және басқалары.

            Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 17 жолдама жазылып берілді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне халықтың жұмыссыз қатарынан 50 астам адам қатысты. Келесі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ақпанның соңына жоспарланған.

29.11.2017 жылы сағ. 10:00-де Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Коммунаров к-сі, 39, 2 қабат, 208 каб. мекен-жайы бойынша өткізілді.

            Жәрмеңкеге қаланың 7 кәсіпорыны қатысты:

-          «Практика Т» ЖШС

-          «ЗаводКазАрматура» ЖШС

-          «Максимус К7» ЖШС

-          «МФ Универсал» ЖШС

-           «Nord Prom HC» ЖШС

-          «Балдырған» КММ

-          «Бидай нан LTD» ЖШС

Жұмысберушілермен берілген бос жұмыс орындар арасында:

тәрбиеші, тарих мұғалімі, ұлдарға арналған технология мұғалімі, құжаттар редакторы, логопед - мұғалім, концертмейстер, сольдық ән айту сыныбы бойынша оқытушы, ортоптистка - мейірбике, тігінші, көлікгрейдер машинисті, электр жабдықтарын жөндеу бойынша электромонтер, жабдықтарды реттеу бойынша инженер, газбен кескілеуші, құбыр жүргізу техноллогиялық монтажшы, жобалаушы - инженер, ТҚ және ЕҚ бойынша инженер, күзетші, дала сыпырушы.

            Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 30 жолдама жазылып берілді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне халықтың жұмыссыз қатарынан 30 астам адам қатысты. 

 



 

«Жұмыс» www.enbek.kz веб-порталы - Республикалық барлық аймақтарындағы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Қазақстандағы мамандандырылған және тегін интернет-ресурсы. Жұмыс іздеушілерге Қазақстан Республикасының еңбек нарығында ұсынылған ауқымды деректер жинақтамасындағы өзіңізге лайықты бос жұмыс орнын таңдап алуға және оларға үн қатуға арналған. Ол үшін Сізге тек қана өзіңізге керек порталдағы іздеу критериясының кнопкасын басу қажет! Жұмысқа орналасу нұсқалары кеңейтіп іздеуге жүзеге асырылған. Оn-line мүмкіндігі бойынша әңгімелесуді мәтінді, дыбысты байланыс және бейне байланыс арқылы қолдануға болады.

«Бос жұмыс орындары». Республика бойынша бос жұмыс орындары кеңінен көрсетілген! Деректер қорында 15 мыңнан аса бос жұмыс орындар лауазымы бар. Жұмыс берушілерден бос жұмыс орындары туралы мәліметтер күнделікті жарияланып тұрады. Жұмыс берушілерге, жеке жұмыспен қамту агенттіктерге өз еркімен бос жұмыс орындарын жариялау мүмкіндігі ұсынылған.

Жұмыс берушілерге келесі мамандардың түйіндемелері ұсынылған:

  • жұмысқа орналасу мақсатында жұмыспен қамту органдарына келіп жолыққандар;
  • порталда  түйіндемесін өз еркімен орналастырған азаматтар;
  • оқу орындарының түлектері.

Өзіңіз таңдаған критерияларға сәйкес жаңа түйіндемені өзіңіздің электрондық адресіңізге алуды және түйіндемеге жазылуды қолданыңыз. 

«Түйіндеме». Жұмыс іздеп жүрген әрбір Қазақстан азаматтары өздігінен түйіндемесін ақысыз жариялайды. Ал, жұмыс беруші әр түрлі іздеу критерияларын қолдана отырып, түйіндемелерді іздей алады.

Порталға тіркеліңіз және өзіңіз қалаған бос жұмыс орынның карточкасындағы «Бос жұмыс орынына үн қату» қызметі мен мекеме карточкасындағы «Сізде жұмыс істегім келеді» қызметін қолданып, өзіңіздің түйіндемеңізді лезде жұмыс берушінің жеке кабинеті мен оның электрондық поштасына жолдаңыз.

Өзіңіз таңдаған критерияларға сәйкес жаңа бос жұмыс орындарын өзіңіздің электрондық адресіңізге алуды және бос жұмыс орындарына жазылуды қолданыңыз.

Өзіңіздің жазбаларыңызды (бос жұмыс орны, түйіндеме) тәулігіне 24 сағат бойы өзгерте аласыз!

Порталда Сіздерге келесі ақпараттар ұсынылған:

  • «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша оқытылатын мамандықтар;
  • «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын оқу орындары.

Бос жұмыс орындары, түйіндемелер туралы ақпараттарды, жұмыс іздеуші мен жұмыс берушілерге арналған мәліметтерді тәулік бойы және тегін алуға мүмкіндік жасалған. «Жұмыс» порталынан жұмыс және қызметкерлер іздеу - жылдам, әрі қолайлы.

«Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығына негізделіп, нысандар бекітілгенін айқындаймыз.

1. Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары.

Экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар ұсынады. Нысанды жұмыс берушілер бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) болған кезде олар пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде береді. 28 б., 2т., 1тт. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті. Нысан жұмыс берушілермен, Коммунаров к-сі, 39 мекен-жайы бойынша орналасқан Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ ұсынылады, байланыс телефоны 91-64-20. Электрондық мекен-жай Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

         2. Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжамды жұмыс орындары бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары. Экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар ұсынады, жыл сайын 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет. Нысанды жұмыскерлер мен мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер болған кезде жұмыс берушілер аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға береді. Әрбір кейінгі жылға нысанды толтыру кезінде болжанатын кезең бір жылға жылжытылады (мысалы, 2016 жылы құрған кезде болжам 2017, 2018, 2019 және 2020 жылдарға жасалатын болады). Нысан Чайковский к-сі, 22 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынылады, байланыс телефоны 91-58-18. Электрондық мекен-жай sobes_temirtay@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 шілдеде № 13913 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты;
      2) осы бұйрыққа2-қосымшаға сәйкес Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты;
      3) осы бұйрыққа3-қосымшаға сәйкес Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты бекітілсін.
      2. «Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12854 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

27.07.2016 жылы сағ. 10:00-де Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММбос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, 2 қабат, 8 каб. мекен-жайы бойынша өткізілді.

         Жәрмеңкеге қаланың тоғыз кәсіпорыны қатысты:

-         «Практика-Т» ЖШС

-          «Fera Plast» ЖШС

-         «№18 Балдырған Бала бақшасы» ММ

-         «№11 Аққу Бала бақшасы» ММ

-          «Теміртау техникалық колледжі» КММ

-         «Nord Пром НС» ЖШС

Жұмысберушілермен берілген бос жұмыс орындар арасында: бас аспазшы, маркшейдер, монтажник, дәнекерлеуші, сату агенттері, хатшы-референт, бас бухгалтер, дала сыпырушы, мектеп алды мекемесінің тәрбиешісі, музыкалық басшы, сыршы-сылакшы, денешынықтыру нұсқаушысы және тағы басқа.

         Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 16 жолдама жазылып берілді.

Халықтың жұмыссыз қатарынан 30 астам адам қатысты. Келесі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі тамызда жоспарланған.

23.06.2016 жылы сағ. 10:00-де Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММбос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, 2 қабат, 8 каб. мекен-жайы бойынша өткізілді.

         Жәрмеңкеге қаланың тоғыз кәсіпорыны қатысты:

-         «ТемирСтройИндустрия» ЖШС

-         «KZ Impex» ЖШС

-         «Fera Plast» ЖШС

-         «№18 Балдырған Бала бақшасы» ММ

-         «УДР» ЖШС

-         «Nord Пром НС» ЖШС

-         «Beeline» үйдегі ғаламтор

-         «ЦентрПромСтрой» ЖШС

-         «Максимус-К7» ЖШС

Жұмысберушілермен берілген бос жұмыс орындар арасында: монтажник, дәнекерлеуші, құрылыс маманды жұмысшылар, токарь, кескілеуші, сатушы, қаңылтырлаушы, электрик, тракторист, сорап қоятын машинист, туризм бойынша менеджер, сату агенттері, іс жүргізуші, бухгалтер-материалист, дала сыпырушы, мектепалды мекемелердің тәрбиешісі, музыкалық басшы, сыршы-сылақшы және тағы басқа.

         Тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 24 жолдама жазылып берілді, 1 түлек жастар практикасына «Теміртау жастар Клубы» ҚБ жолданды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде  БАҚ өкілдері – ТТК телеарнасы қатысты.

Халықтың жұмыссыз қатарынан 60 астам адам қатысты.

2016 жылдың 17 наурызында сағ.10:00-де Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз халыққа, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Чайковский к-сі, 22, 2 қабат, 8 кабинет мекен-жайы бойынша өткізілді.

         Жәрмеңкеге келесі Теміртау қаласының жұмысберушілері белсенді қатысты: «Практика-Т» ЖШС, «МонтажСтройСервич М» ЖШС, «Бидай Нан LTD» ЖШС, «Земдорстрой» ЖШС, «О.С. Лим» ЖК, «Fera Plast» ЖШС, «Водоканалстрой» ЖШС, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ.

Жәрмеңкеге БАҚ «Сфера» ТРК өкілдері қатысты.

Жәрмеңке өткізу кезінде қаланың жұмысберушілері 125 бос жұмыс орындарын ұсынды.

         Берілген бос жұмыс орындар арасында: әлеуметтік оқытушы, денешынықтыру нұсқаушысы, көлік электригі, күзетші, токарь, костелянша, изолировшы, өңдеуші, кескілеуші, электромонтер, аспазшы, хатшы-референт, тігінші болды.

         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген – 2 адам, оның ішінде жаңа мамандық алу үшін – 1 адам (қайта оқыту) және алған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жастар практикасына қатысуға – 1 адам.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 50 астам адам қатысты. Орталықтың мамандарымен жұмыссых халыққа тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін 20 жолдама берілген.

Өкінішке орай, жұмыстан айырылу сирек құбылыс емес. Егер сіз қызметтегі орныңызды жоғалтып және іссіз қалған жағдайда не істеу керек? Осы жағдайда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әрекет етеді. Егер сіз табысыңыздан айырылсаңыз, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан материалдық көмекке сүйене аласыз. Жұмыстан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлем мөлшерін қалай анықтауға болады, кім жүзеге асырады және жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

uterya raboty1         Жұмыстан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары ғана сүйене алады. Әлеуметтік төлем сомасын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (әрі қарай - МЗТО) есептейді.

         Алдымен Сізге Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ (24.11.2015ж. берілген өзгерістер мен толықтырулар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 15 б. 4т. сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар – күнтізбелік он күн ішінде бір реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бір реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде белгіленіп тұруға тиіс. Жұмыссыз келмеген жағдайда, Жұмыспен қамту орталығы оны есептен шығарып және жұмыстан айырылу жөніндегі жәрдемақы төлемі тоқтатылады.

Әлеуметтік аударымдар болған кездегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысқан коэффициент өтілі:

  • алты айдан кем емес – 0,1;
  • 6-дан 12 айға дейін – 0,7;
  • 12-ден 24 айға дейін – 0,75;
  • 24-тен 36 айға дейін – 0,85;
  • 36-дан 48 айға дейін – 0,9;
  • 48-ден 60 айға дейін – 0,95;
  • 60-тан және одан да көп ай – 1,0.

Сіз мемлекеттен алатын материалдық жәрдем мерзімі, әлеуметтік аударым жүргізілген ай санына байланысты екенін есте сақтауыңыз керек.

Әлеуметтік төлем ұзақтығы:

  • бір ай – егер әлеуметтік төлем алтыдан 12 айға дейін жүргізілгенде;
  • екі ай – егер әлеуметтік төлем 12-ден 24 айға дейін жүргізілгенде;
  • үш ай – егер әлеуметтік төлем 24-тен 36 айға дейін жүргізілгенде;
  • төрт ай – егер әлеуметтік төлем 36-дан одан да көп айға жүргізілгенде.

Жұмыстан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлемнен міндетті зейнетақы төлемдері алынатынын, кейін Бірыңғай жинақтаушы қорға баратынын ескеру қажет.

Жұмыстан айырылған жағдайда Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін құжаттар тізімі:

  • құжат, жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
  • еңбек кітапшасы (түпнұсқа);
  • өтініш.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жалпы Республика бойынша жұмысын жоғалтқан азаматтар үшін пилоттық режимде композиттік қызмет жүзеге асырылды. Егер азамат өз еркі бойынша жұмыстан шыққан болса немесе штатты қысқарту бойынша, еңбек заңнамасына сәйкес, егер оның бұрыңғы жұмысберушісі ол үшін қорға әлеуметтік төлем аударған жағдайда, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан ол әлеуметтік төлем алуға құқылы.

Бүгінгі күні, адам жұмысын жоғалтқан кезде, жаңа композиттік қызмет «бірыңғай терезе» принципі бойынша жұмыссызды тіркеу тәртібін және жәрдемақыны төлеуді жеңілдетеді.

Жұмыспен қамту орталығына адам келгенде, оны жұмыссыз ретінде тіркеп, және берілген ақпаратты автоматты түрде мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына (МЗТО) өтінішіне банктік шотын көрсетіп жібереді. Сәйкестігінше, МЗТО берілген құжаттарды алып, жұмыстан айырылу жөніндегі жәрдемақысын төлеу тәртібін бастайды. Композиттік қызмет көрсету үшін алушыға керекті құжаттар: жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме), еңбек кітапшасы, банктік шоты туралы мәлімет, өтініш.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 2016 жылғы 17 наурызда сағат 10-00-да Чайковский көш., 22 үй, 2 қабат, 8 каб. жұмыссыз халық үшін, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Барлық қатысуға ниет білдіргендерді  шақырамыз.

Анықтама телефондары: 90-75-99.

© 2018 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"