ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске  асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту;

3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.

Бағдарламаның бірінші бағыт бойынша «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» ҚМК күрделі жөндеу жобасы бекітіліген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 4 ай, жаңа жұмыс орындарын құру саны 38. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 адам (сыршы-сылақшы, қосалқы жұмысшы және тағы басқалары) жұмысқа орналасты орташа жалақысы 45 000 теңге. 2015 жылдың 15 қазанында объект берілді.

2015 жылы 2011 жылдың өтпелі контингенті техник-механик мамандығы бойынша кәсіптік даярлауды аяқтап және тұрақты жұмысқа 2 адам орналастырылды.

Қайта даярлауға жоспар бойынша 25 адам бюджеттік қаражаттың үнемделуіне байланысты (қаражат тұруға және қатысушылардың жол ақысына) 71 адам: электргаздәнекерлеуші, матаушы, газбенкескілеуші, болат және темір бетон конструкция монтажнигі, металлконструкциясын жинау бойынша слесарь мамандықтары бойынша жолданған. Қайта даярлауды өткен барлық қатысушылар алған мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасытырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын ішінара  субсидиялау (субсидиялаумөлшері  жалақының мөлшерінен 35 % құрайды, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс, 2015 жылы – 21364 теңге) жоспар бойынша 69 адам, ауыспалы есебімен 126 адам жолданған, 54 адам бағдарламаны уақытынан бұрын аяқтап жұмысқа орналастырылды, 72 адам ӘЖО  (өтпелі контингент) жұмыс істеулерін жалғастырып жатыр.

Жастар практикасын 6 айға жалақысын төлеп өту үшін (18 АЕК - 35676) жоспар бойынша 58 адам, ауыспалы есебімен 81 адам жолданған, 23 адам бағдарламаны уақытынан бұрын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту орталығымен 1696 адам жұмысқа орналастырылды,  соның ішінде 301 адам бағдарлама қатысушысы болып саналады, 1395 адам  мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастырылды.

Жұмысқа орналастырылғандар қатары 1696 адамнан міндетті зейнетақы төлемдер 1563 адамда немесе 92,2% бар.

2016 жылға жоспар

2016 жылға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін үшінші бағыт бойынша - жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу жоспарланған:

1) кәсіптік оқуға 90 адам (қайта даярлауға – 70 адам, біліктілігін арттыруға – 20 адам)

2) әлеуметтік жұмыс орындарына жалақыны ішінара субсидиялау жаңа қабылдау 40, 2015 жылдан өткен әлеуметтік жұмыс орындар 69.

3)  еңбекақысын субсидиялаумен жастар практикасын ұйымдастыруға 50.

© 2018 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"