ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ
КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"

МЕНЮ
Құрметті қала тұрғындары! Сізге ыңғайлы болу үшін біз 1-қабатқа көшіп кеттік. Мекен-жайымыз бұрынғы Чайковский көшесі, 22, 1-қабат, 1 кіреберіс. Сізді жаңа және үлкен операциондық залда көруге қуаныштымыз.

13.05.2019 kz

список обучения каз 1

1231300000

Өкінішке орай, жұмыстан айырылу сирек құбылыс емес. Егер сіз қызметтегі орныңызды жоғалтып және іссіз қалған жағдайда не істеу керек? Осы жағдайда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әрекет етеді. Егер сіз табысыңыздан айырылсаңыз, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан материалдық көмекке сүйене аласыз. Жұмыстан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлем мөлшерін қалай анықтауға болады, кім жүзеге асырады және жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

            Жұмыстан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары ғана сүйене алады. Әлеуметтік төлем сомасын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (әрі қарай - МЗТО) есептейді.

            Алдымен Сізге жұмыс іздеген адам ретінде Халықты жұмыспен қамту орталығында 10 жұмыс күні өткеннен кейін, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 14 б. 4т. сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар – күнтізбелік он күн ішінде бір реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бір реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде белгіленіп тұруға тиіс. Жұмыссыз келмеген жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығы оны есептен шығарып және жұмыстан айырылу жөніндегі жәрдемақы төлемі тоқтатылады.

Жұмыстан айырылған жағдайда Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін құжаттар тізімі:

  • құжат, жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
  • еңбек кітапшасы (түпнұсқа) немесе еңбек қатынастарын бұзуды растайтын жұмысберушінің актісінен үзінді көшірме (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52 бабы, 1 тармағы, 1), 2) және 3) тармақшасында қарастырылған келісімшарттың бұзылуы жағдайында);
  • өтініш.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жалпы Республика бойынша жұмысын жоғалтқан азаматтар үшін пилоттық режимде композиттік қызмет жүзеге асырылды. Егер азамат өз еркі бойынша жұмыстан шыққан болса немесе штатты қысқарту бойынша, еңбек заңнамасына сәйкес, егер оның бұрыңғы жұмысберушісі ол үшін қорға әлеуметтік төлем аударған жағдайда, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан ол әлеуметтік төлем алуға құқылы.

Бүгінгі күні, адам жұмысын жоғалтқан кезде, жаңа композиттік қызмет «бірыңғай терезе» принципі бойынша жұмыссызды тіркеу тәртібін және жәрдемақыны төлеуді жеңілдетеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығына адам келгенде, оны жұмыссыз ретінде тіркеп, және берілген ақпаратты автоматты түрде мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына (МЗТО) өтінішіне банктік шотын көрсетіп жібереді. Сәйкестігінше, МЗТО берілген құжаттарды алып, жұмыстан айырылу жөніндегі жәрдемақысын төлеу тәртібін бастайды. Композиттік қызмет көрсету үшін алушыға керекті құжаттар: жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме), еңбек кітапшасы, банктік шоты туралы мәлімет (жәрдемақыға арналған арнайы шот), өтініш.

© 2019 КГУ "Центр занятости населения города Темиртау"